Жұма күні Павлодар облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады

Жұма күні Павлодар облысында тұман түсіп, жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Түнде облыстың солтүстігінде тұман болады, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, 15 қыркүйек күні облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады. Солтүстіктен соққан желдің жылдамдығы 9-14 метрді құрайды.

Ауа температурасы түнде +7...+12, күндіз +14...+19 градус жылы болады.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты ауа райы күтіледі. Түнде және таңертең жаңбыр жауады.