Павлодарда бірқатар үйде жарық болмайды

Павлодарда бірқатар үйде жарық болмайды
Фото: Константин Шелков

Электр желілеріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты жарық өшіріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қалалық тұрғын үй-инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, 16 тамызда электр желілерінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты сағат 09:00-ден 17:00-ге дейін Н.Назарбаев даңғылы, 286, 286/3, Хромзавод және Лесозавод ауданындағы тұрғын үйлерде электр энергиясы өшіріледі.