Павлодар облысында улы заттардың ағып кету апатын жою бойынша жаттығулар өтті
ТЖД қызметкерлері хлордың төгілу салдарын жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Бекет-2024» дағдарыстық жағдайларға ден қою бойынша ведомствоаралық оқу-жаттығу шеңберінде ТЖД қызметкерлері «Қорғау-2024» Республикалық штабтық жаттығу өткізді.
Жаттығу аясында ТЖД қызметкерлері, полиция департаменті, жедел медициналық жәрдем станциясы «Каустик» акционерлік қоғамымен бірлесіп, қатты әсер ететін улы заттардың ағып кетуіне байланысты апатты жою бойынша жаттығулар өткізді.
– Оқу-жаттығу шарт бойынша «Каустик» АҚ бағытында – ЖЭО-3 ауданындағы «Северная» станциясы бағытында хлоры бар цистерна вагонына (50 тонна) механикалық зақым келгені туралы хабар келіп түсті. Нәтижесінде хлор 0,5 тоннаға дейін ағып кетті. Апат орнында зардап шеккен екі қызметкер бар. Жоспарға сәйкес, ТЖД авариялық-құтқару бөлімшелері арнайы техника мен жабдықтардың көмегімен төгілудің салдарын оқшаулау және жою бойынша практикалық жұмыстар жүргізді, – дейді баспасөз орталығында.
Жеке құрам тыныс алу органдарын қорғау құралдарында және химиялық агрессивті ортада жұмыс істеуге арналған арнайы костюмдерде су пердесін қойды, ал «Каустик» АҚ қызметкерлері цистернаға бандаж салды, бұл төтенше жағдайды жоюға мүмкіндік берді.
Зардап шеккендерді ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы мен жедел жәрдем техникасымен ТЖ орнынан эвакуациялады.
Оқу-жаттығулардың мақсаттарына қол жеткізіліп, толық көлемде орындалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram