Екібастұзда кәріз люктерінің қақпағын ұрлаған топ ұсталды

Екібастұзда кәріз люктерінің қақпағын ұрлаған топ ұсталды
Фото:pixabay.com

Үш тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Polisia.kz ақпараттық медиа порталының хабарлауынша, 31 тамызда Екібастұз қаласының криминалдық полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында кәріз люктерін ұрлаумен айналысқан күдіктілерді анықтады. 

– 24, 27 және 34 жастағы үш ер адам бес кәріз люгін қақпақтарын және бір шеңберін ұрлаған. Оларға ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасаған ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі. Ұрланған заттар табылып, тәркіленді, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Төлеген Құдайбергенов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам оның кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәлі емес деп есептеледі.