Павлодар облысында жөнделмеген жолға миллиондар аударылған

Павлодар облысында жөнделмеген жолға миллиондар аударылған
ЖИ иллюстрациясы

Бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ертіс ауданының прокуратурасы автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізген. Нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталған.

Прокуратура мәліметінше, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты жөнделмеген ауылішілік жол учаскесі үшін «МКК-Элит Строй» ЖШС-не заңсыз түрде 45 миллион теңге аударған.

Осы факті бойынша әкімдік пен мердігер ұйымның лауазымды тұлғаларына қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта тергеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті жүргізіп жатыр.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.