Павлодар облысында жаздың соңғы аптасында күн ысиды

Павлодар облысында жаздың соңғы аптасында күн ысиды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жауын-шашын аз болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 26 тамызда жаңбыр құймайды, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Сынап бағанасы түнде +8...+13°С , ал күндіз +25...+30°С-ты көрсетеді. 

27 тамызда да жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +8...+13°С, ал күндіз +27...+32°С-қа дейін көтеріледі. 

28 тамызда күн ашық болады деп күтілуде. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Сынап бағанасы түнде +13...+18°С , ал күндіз +29...+34°С-ты көрсетеді. 

29 тамызда да тұман болады. Ауа температурасы түнде +17...+22°С , ал күндіз +20...+25°С-қа дейін жылынады. 

30 тамызда облыстың оңтүстігінде, шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы түнде +12...+17°С, ал күндіз +22...+27°С-ты көрсетеді. 

31 тамызда да жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +9...+14°С, ал күндіз +17...+22°С-қа дейін жылынады.