Павлодарда скетчинг студиясының көрмесі өтеді
Көрмеге 5 жастан 15 жасқа дейінгі оқушылардың 40 жұмысы ұсынылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Н. Нұрмұхаммедов атындағы облыстық көркемсурет музейінің мәлімдеуінше, 3 ақпан күні сағат 16:00-де Дәурен Көшен мен Арман Болат басқаратын «Sketch academy» кескіндеме және скетчинг студиясы оқушыларының «Sketch Art» есептік көрмесі ашылады.
– Алты жылдан астам уақыт аралығында балалар мен ересектер студияда кескіндеме және эскиз жасауды үйренді. Көптеген орындау әдістері балалардың қиялымен бірге ұштасып таңғажайып бейнелермен ерекше суреттер жасалды. Жас суретшілер үшін бұл кішігірім мереке және әркім өзінің шығармашылық қабілетін дамыта алатын өнер мен шығармашылық әлеміне алғашқы қадам, – дейді ұйымдастырушылар.
Көрме 14 ақпанға дейін жалғасады.