Павлодар облысында жаңа ТЖД бастығын тағайындады

Павлодар облысында жаңа ТЖД бастығын тағайындады
Фото: gov.kz

Бұл лауазымға Рустамбек Амрин ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 қыркүйек күні сәйкес бұйрыққа ТЖМ басшысы қол қойды. Рустамбек Амрин бұған дейін ТЖМ Төтенше жағдайлардың алдын алу департаментінің бастығы қызметін атқарған.

Рустамбек Амрин 1980 жылдың 14 қаңтарында Омбы қаласында дүниеге келді. 2000 жылы Ресей ІІМ Мемлекеттік өртке қарсы қызметі академиясының Екатеринбург филиалын, 2009 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтады.

Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1997 жылдан бастап өрт сөндіру бөлімінің жеке бекетінің профилактикалық құрамы тобының инспекторы, өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы қызметінен бастады. Әр жылдары аға инженер, бастықтың орынбасары, өрт сөндіру бөлімінің бастығы, бөлім бастығы, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының бастығы, ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, дағдарысты жағдайларды басқару орталығының бастығы қызметтерін атқарды.