Павлодарда еліміздің бас туы төмен түсірілді
12 маусым жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік рәміздер алаңында тудың түсірілгені туралы видео қалалық ішкі саясат бөлімінің Instagram-парақшасында жарияланды.
Қазақстанда 12 маусым Абай ауданындағы "Семей орманы" өртінде қаза тапқандарды еске алу үшін жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
11 маусым күні түстен кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 12 маусымды Қазақстанда ұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Кейін президент тиісті жарлыққа қол қойды, ол Ақорданың ресми ресурсында жарияланды.