Павлодар облысында жеті жүзге жуық тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Қылмыстың және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алғашқы нәтижелерін беруде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап Павлодар облысының полицейлері республика көлемінде өткізіліп жатқан «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында қызмет атқаруда.
Полиция департаментінің мәліметінше, тәртіп сақшыларының күнделікті міндеті – тұрғындарды тұрғылықты жері бойынша аралау, құқық бұзушылыққа және қылмыс жасауға бейім азаматтармен профилактикалық әңгімелер жүргізу.
Қылмыстың және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары алғашқы нәтижелерін беруде. Іс-шара басталған төрт күн ішінде тәртіп сақшылары шамамен 700-ге жуық азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты. Бұл туралы Павлодар облысының полиция департаментің баспасөз қызметі мәлем етті.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген 45 тұлға анықталды.
Бұдан бөлек, қорғау ұйғарымын бұзу, ұсақ бұзақылық, қоғамдық орындарда шылым шегу және алкогольді ішімдіктер ішу сияқты құқық бұзушылықтар тіркеліп, барлық заң бұзушыларға әкімшілік шара қолданылды.
Естеріңізге сала кетейік, «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы 2025 жылғы 1 қарашаға дейін жалғасады.