«Қазақша сөйле»: Павлодарда қазақ тілін тегін үйрену клубы қайта жанданады
Оған барлық ниет білдірушілер қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Жастар рухы» ЖҚ Павлодар облыстық филиалы «Менің елім – менің тілім» республикалық жобасы аясында «Сөйле» атты сөйлесу клубтарының қайта жанданғаны туралы қуана хабарлайды.
Жоба қазақ тілінің мәртебесін насихаттауға және арттыруға, сондай-ақ оны қоғамда қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.
Астана, Алматы қалаларында, сондай-ақ Абай, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, БҚО және ШҚО облыстарында да «Сөйле» спикинг клубының қатысушысы бола алады.
Аталмыш іс-шара дүйсенбі, бейсенбі (онлайн), сенбі күндері С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың коворкинг орталығында ұйымдастырылады.