Баянауылға Айтым Жакупов келеді

Оның сауықтыру турының алғашқы нүктесі — Баянауыл, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Баянауыл ауданы әкімдігінің мәліметінше, 8 қыркүйекте JanaMen командасы Айтым Жакупов пен жобаның дәрігерлерімен бірге Солтүстік-Шығыс Қазақстан қалаларына сауықтыру турына аттанады. Маршруттың алғашқы аялдамасы көрікті Баянауыл болмақ. Мұнда қатысушыларды қызу бағдарлама күтіп тұр.
Жоспар бойынша жергілікті тұрғындар және мектеп оқушыларымен кездесу өтеді: денсаулық, спорт және өмірлік энергия туралы ашық дәріс, сонымен қатар ашық аспан астында топтық жаттығу ұйымдастырылады. Күннің соңы жылы от пен еркін әңгімеге ұласады.