Павлодар облысында жылқы шаруашылығы қарқынды дамып келеді
Қазіргі уақытта өңірдегі жылқылардың саны 292 мың басты құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұл ретте соңғы жылдары жылына орта есеппен 7%-дан астам мал басының тұрақты өсуі байқалады. Өңірде жылқы шаруашылығымен айналысатын ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 1000-нан астам шаруашылықты құрайды.
– Жалпы, біздің өңірде жылқы шаруашылығы саласы қарқынды дамып келеді. 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 5,5 мың асыл тұқымды жылқы бар, бұл жалпы жылқы басының шамамен 2,4% құрайды, – дейді басқармада.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды жылқылар облыстың барлық өңірлерінде өсіріледі, жергілікті асыл тұқымды және өнімді қасиеттерін жетілдіру мақсатында шаруашылықтарда табындарда ұстаған кезде «Жабе» типті қазақ тұқымының жоғары өнімді айғырларының қарқынды генетикалық мүмкіндігі қолданылады.
Еске сала кетейік, Май ауданында Қазақстанның басқа облыстарынан және Ресей Федерациясынан келген ғылым өкілдерінің қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Жылқы шаруашылығының ғылыми жетістіктері мен даму перспективалары талқыланды.