Павлодар облысында жол-көлік оқиғасын бес адам зардап шекті
Олардың үшеуі - әйел, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
23 қаңтарда шұғыл қызметтер желісіне Евгеньевка ауылы бағыты бойынша жол-көлік оқиғасы болғандығы туралы ақпарат түсті. Жолаушылар көлігі жолдан шығып кеткен.
Оқиға орнына ТЖМ апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жедел жетті. Апаттан бес адам зардап шеккен. Оның үшеуі әйел, 15 жастағы жасөспірім мен көлік жүргізушісі. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Апаттар медицинасы орталығының бригадасы зардап шеккен төрт адамды одан әрі тексеру және емдеу үшін Ақсу қалалық ауруханасының жарақат пунктіне жеткізді. Автокөлік жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлердің тексерісінен кейін оқиға орнында қалды.