Павлодар облысында жолаушы көз жұмды

Павлодар облысында  жолаушы көз жұмды

Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz. 

Рolisia.kz ақпараттық медиа-порталының мәліметінше, 16 сәуір күні ВАЗ - 217030 автокөлігінің 31 жастағы жүргізушісі Астана – Ерейментау – Шідерті автожолында аударылып қалған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 34 жастағы жолаушы оқиға орнында дене жарақатынан қайтыс болды.

Бірқатар сараптамалар тағайындалып, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.