Екібастұзда сабақтар онлайн өткізіледі

Екібастұзда сабақтар онлайн өткізіледі

Ауа райының қолайсыздығына байланысты сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы білім беру бөлімінің мәліметінше, қала мектептері мен колледждерінде сабақтар  онлайн форматта өткізіледі. 

Естеріңізге сала кетейік,  Павлодар облысының солтүстігінде таңертең және түстен кейін солтүстік-батыс желдің екпіні 15-20 м/ дейін болады деп болжануда. Өңірдің басым бөлігінде  күн бұлттанып, жаңбыр мен қар түрінде аралас жауын-шашын болуы мүмкін.

Түстен кейін солтүстік-батыстан 15-20 м/с дейін қатты жел болады.

Түнде температура -4...-9°C, күндіз 0...+5, облыстың оңтүстігінде -3°C дейін суытады. 

Сондай-ақ қардың көп түсуіне және жолдың нашар көрінуіне байланысты Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар автожолда Ленин кентінен Шідерті кентіне дейінгі қозғалыс жабылды.