Павлодар облысында жолшылар күшейтілген режимге көшті

Павлодар облысында жолшылар күшейтілген режимге көшті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қар тазалауға  біріктірілген жол машиналары, КамАЗ жұмылдырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

"ҚазАвтоЖол" ҰК"АҚ Павлодар облыстық филиалының хабарлауынша, 

2023 жылғы 19 желтоқсанда облыстың басым бөлігінде қар қалың түсті. Осыған байланысты республикалық  маңызы бар автомобиль жолдарына қызмет көрсететін құрылымдар күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды.

Қызылорда - Павлодар (1309 км), Омбы -  Майқапшағай

(390-384, 319-422), Көпір өткелі (016), Астана - Ерейментау - Шідерті (230-274 км) учаскелері қардан тазартылды. 

Жолшылар облыстың республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде жол жүруді қамтамасыз ету үшін барлық күш-жігерін салып, жұмыс істеуде.