Павлодарда Қаныш Сәтбаев атындағы каналдан Шідерті өзеніне су жіберу басталды
Бүгін 87,45 млн. м3 шегінде каналдан су жіберудің жалпы көлемі бекітілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәлімдеуінше, бұл жағдайда ауа райы мен топырақтың жағдайы, оның ылғалдылығы ескерілген.
- Суды ағызудың басты мақсаты - Шідерті-Өлеңті табиғи-экологиялық аймағының экожүйесін қалпына келтіру және сақтау, сондай-ақ мал басын қажетті мөлшерде ірі азықпен қамтамасыз ету. Сонымен қатар, табиғатты қорғау су ағыны Әулиекөл көлдер жүйесін толықтыруға оң әсер етеді, - делінген хабарламада.
Бүгінгі күні ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 87,45 млн. м3 шегінде каналдан су жіберудің жалпы көлемін бекітілді.
Өткен жылдағыдай, ағызу үш жерден жүзеге асырылады. Яғни, негізгі № 112-60 млн. м3, №108-25 млн м3 және №109-2,45 млн.м3.
Жалпы, су жіберу есебінен Екібастұз қаласы мен Ақтоғай ауданының ауылдық аймағында орналасқан шабындық алқаптар суарылады.
Барлық кезеңді мердігер ұйым бақылайтын болады.
Сонымен қатар, Ертіс өзеніндегі жағдайға қатысты жалпы алғанда, су тасқыны кезеңіндегі мониторинг 14 уақытша гидропост бойынша жүзеге асырылуда. Ал ақпарат тәулігіне төрт рет төтенше жағдайлар департаментіне беріледі.
Айта кету керек, облыстың жайылма алқаптарын су басу шығыс өңірлердің қар қорына, Шығыс Қазақстан облысында орналасқан су қоймаларының Ертіс каскадында су ресурстарын жинақтайтын су мен ауа райы жағдайларына тікелей байланысты.
- 5 сәуірдегі жағдай бойынша Бұқтырма су қоймасының көлемі 29,4 км3 (жобалық көлемнің 59%-ы 49,6 км3) құрайды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1 км3 артық. Бұдан бөлек, Шүлбі су қоймасының көлемі 2,6 км3 құрайды (2,7 км3 максималды көлемінің 96%, 2023 жылы -2,3 км3), - делінген ақпаратта.
Ертіс бассейндік инспекциясының ақпараты бойынша, Үлбі және Уба өзендерінің бүйірлік ағынының ұлғаюына және жауын-шашынға байланысты Шүлбі су қоймасының реттеуші сыйымдылығын ұлғайту мақсатында 5 сәуірден бастап орташа тәуліктік шығын 1200 м3 болса, 6 сәуірде 1300 м3, 7 сәуірде 1400 м3 құрайды.
Шүлбі су қоймасынан Ертіс өзеніне су ағызу 4 сәуірде басталды. Оның көлемі 1099 м3/с құрайды.
Төгінділер кезінде өзен жағалауларынан шыққан су мен жайылдық аумақты басқан су көлемі 2000 м3/с асқан.