«Ертіс орманында» объективке Қызыл кітапқа енген бүркіт түсті

«Ертіс орманында» объективке Қызыл кітапқа енген бүркіт түсті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ол сирек кездесетін және ерекше қорғауды қажет ететін құс, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүркіт сұңқарлар тұқымдасының ең ірі өкілі саналады.

– Бүркіттің қанат жайымы 2,5 метрге дейін жетеді, ал салмағы 7 килограмға дейін барады. Ол негізінен қояндар мен кеміргіштерді аулайды, алайда қажет болған жағдайда ірі олжаларды да қолға түсіруге қабілетті. Бұл құстар отырықшы өмір салтын ұстанады, яғни белгілі бір аумақта тұрақты мекендейді, – деді резерваттың баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, бүркіттердің табиғи мекендеу ортасын сақтау өңірдің экожүйесі үшін үлкен маңызға ие.