9 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жауады

9 шілдеде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Облыстың солтүстігінде тұман түседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күтіледі, кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +12...+17 °C, күндіз +21...+26 градус көрсетеді.

Желдің жылдамдығы 9-14, облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Павлодарда түнде көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын күтілмейді. Түнде термометр +13...+15, күндіз +24...+26 градусты көрсетеді.