Павлодар облысында құтқарушылар арасындағы үздік анықтаушылар анықталды

Облыстық кезеңнің жеңімпазы енді республикалық конкурста өңір намысын қорғайды, онда еліміздің ең үздік анықтаушысы анықталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінде «Үздік анықтаушы» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы шығарылды. Жыл сайынғы іс-шара қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, анықтау дағдыларын жетілдіруге және қызметтік міндеттерін адал атқаруды ынталандыруға бағытталған.
Теориялық білім мен практикалық дағдыларды бағалау нәтижесінде комиссия жеңімпаздарды анықтады:
- үшінші орынды Павлодар ауданы ТЖБ-ның аға анықтаушысы Рүстембек Ғазиз иеленді;
- екінші орынды Павлодар қаласы ТЖБ-ның аға анықтаушысы Айхан Рымханов иеленді;
- бірінші орын мен «Үздік анықтаушы» құрметті атағы Екібастұз қаласы ТЖБ-ның аға анықтаушысы Жасұлан Өмірбековке берілді.