Павлодар облысында үш адам іздестіріліп жатыр

Іздеу жұмыстарына еріктілер мен төтенше жағдайлар қызметі жұмылдырылған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«VITA» іздеу тобы соңғы күндері жоғалып кеткен үш адамды іздестіру жұмыстарына тұрғындардың көмегін сұрайды.
65 жастағы Магмур Сибагатуллин 20 қазан күні Новоямышев ауылындағы үйінен Ямышев бағытындағы орман алқабына шығып кеткен. Содан бері оралмаған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Белгілері: арық денелі, көздері қоңыр-жасыл, мұрты бар. Киімі – жасыл түсті жұмыс костюмі (сары кірістірмелері бар), қара бас киім, «топтығы» аяқ киім. Қасында балалар арбасынан өзгертілген қол арбасы болған.
55 жастағы Алтын Жабайханова 19 қазанда Ақсу қаласы, Астана көшесі, 21А мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Белгілері: бойы 165 см, орта денелі, көздері қоңыр, шашы қара, қысқа, оң жақ бетінде меңі бар. Киімі – сары-қоңыр түсті күртеше мен шалбар, қара кроссовка. Қасында ақ түсті сөмкесі болған.
48 жастағы Бекбер Садықов 18 қазанда Павлодар қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 166 мекенжайынан шыққаннан кейін із-түссіз жоғалған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Белгілері: бойы 175 см, орта денелі, көздері қоңыр, шашы қара-қоңыр, жүргенде аздап бүкірейеді. Киімі – сұр қысқы күртеше, қара бас киім және қара етік.
Жоғалған адамдар туралы қандай да бір ақпарат білетін азаматтардан Катеринаға (+7 747 615 55 63), Светланаға (+7 777 334 82 01) немесе 102 нөмірі арқылы полицияға хабарласу сұралады.