Павлодарда өрттен жеті адам эвакуацияланды

Павлодарда өрттен жеті адам эвакуацияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналының мәліметінше, бүгін Қамзин көшесіндегі көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтердің терезесінен түтін шығып жатқаны туралы хабар 112 пультіне келіп түсті. 

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері пәтерде жеке заттар мен жиһаздың жанып жатқанын анықтады. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт шағын аумақта толығымен сөндірілді. ТЖМ қызметкерлері баспалдақ арқылы жеті адамды, оның ішінде екі баланы эвакуациялады, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.