Павлодар облысындағы қала мектептері екінші ауысымда да үйде қалады

Павлодар облысындағы қала мектептері екінші ауысымда да үйде қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Оған қатты аяз себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы қалалық білім беру бөлімдері мәлімдеді. 

– 26 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласындағы мектептерде 0-4-сыныптар, Екібастұз қаласындағы мектептерде 0-9-сыныптардың оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.

Ал Ақсу қаласы мен ауылдық аймақтың барлық мектептерінде екінші ауысымдағы оқушылардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды. Әрі барлық мектептерде оқушыларды тасымалдау тоқтатылды.