Павлодар облысының қалаларында екінші ауысымның оқушылары қашықтықтан оқиды
Оған ауа райының қолайсыздығы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы қалалық білім беру бөлімдері мәлімдеді.
– 24 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты Павлодар қаласы мектептердегі екінші ауысымда оқитын 1-4-сынып оқушылары, Ақсу, Екібастұз қалаларындағы мектептерде екінші ауысымда оқитын 1-9-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, синоптиктердің болжамынша, осы аптада өңірде аяз және құбылмалы ауа райы сақталады.