Павлодар облысының жасұландықтары ептілік пен күш сынасты

Павлодар облысының жасұландықтары ептілік пен күш сынасты
фото: автор

Жеңімпаз команда ауыспалы кубокқа ие болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Батырлар жарысы» спорттық жарысы бес жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қатысушылар саны жыл сайын артып отыр.

«Батырлар жарысы» спорттық жарысы бес жыл қатарынан өткізіліп келеді. Қатысушылар саны жыл сайын артып отыр.

Облыстық оқушылар сарайы бұқаралық жұмыстар бөлімінің меңгерушісі Самал Сүлейменованың айтуынша, биыл ерекше сайыс аймақтың жоғары сынып оқушыларын біріктірді.

– Спорт – тек жарыс емес, балаларжың мінез-құлқын шыңдайтын сынақ. «Батырлар жарысы» турнирінде жасұландықтар күш, ептілік және тапқырлық, яғни көшбасшыға тән қасиеттерге ие екенін дәлелдейді. Сайыс форматы ерекше: қатысушылар қазақтың ұлттық ойындары арқылы күш сынасады. Ең маңыздысы – бұл сынақтар денені шыңдап қана қоймай, патриоттық рухты оятады, – дейді Самал Сүлейменова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Павлодар облысында «Жас ұлан» қозғалысы қатарында өңірдегі мектеп оқушыларының 90%-дан астамы бар.

– Қозғалыс жеті бағытты қамтиды, олардың әрқайсысы оқушылардың жан-жақты дамуына үлес қосады. Бүгінгі шара «Отан» және «Руханият» бағыттары аясында өтуде. Олар патриоттық сезімді нығайтып, рухани тәрбие береді. Сондай-ақ «Салауат», «Жеті жарғы» және «Зерде» бар, олар дене шынықтыру, құқықтық сауаттылық және интеллектуалдық даму бағыттарына негізделген. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Еңбек» бағытына ерекше назар аударылған. Мектеп оқушылары түрлі салалармен тәжірибе арқылы танысады, – дейді Самал Сүлейменова.

Кезеңдерден сүрінбек өтіп, қарсыластарына дес бермеген команда ауыспалы кубокты жеңіп алды. Гран-при иегерлері – Павлодардағы №3 дарынды балаларға арналған гимназияның оқушылары.

фото ұйымдастырушылардан