Павлодар облысында аяз мектептегі екінші ауысым сабақтарын да шектеді

Павлодар облысында аяз мектептегі екінші ауысым сабақтарын да шектеді
Фото: Константин Шелков

Алайда облыс орталығында 10-11-сынып оқушылары сабақты штатты форматта оқиды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

12 желтоқсанда Павлодар қаласы мектептеріндегі екінші ауысымдағы 1-9-сынып оқушылары қашықтықтан оқиды. Бұған себеп  - ауа температурасының төмен болуы. 

Қазіргі уақытта ауа температурасы 29 °C құрайды. Желдің жылдамдығы секундына 7-11 метрге жетеді. 

Екібастұзда екінші ауысымдағы 0-11-сыныптар, Ақсу қаласында 0-9-сыныптар онлайн форматта оқиды.

Еске сала кетейік, бүгінгі бірінші ауысымдағы оқушылар толық қашықтықтан оқыды.