Павлодар облысының танымал хореографиялық ұжымы концерт береді

«Биле, Павлодар!» атты «Шернияз» би ансамблінің жарқын концерті 29 мамырда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Кеш қонақтары – қаланың жетекші вокалистері, танымал шығармашылық ұжымдар: «Кавказ», «Самғау», «Adau», «Лад» орыс халық аспаптар ансамблі, Рүстембек Омаров атындағы қазақ халық аспаптар оркестрінің шағын құрамы.
«Биле, Павлодар!» кезекті шығармашылық маусым аяқталғанға дейінгі қаладағы дәстүрлі мәдени іс-шаралардың біріне айналды. Ол әр түрлі қызықты адамдарды және ең жақсы бишілер, вокалистер мен музыканттардың барлық командаларын бір алаңға жинайды.
– Осы кеште қатысушылардың әрқайсысы көрермендерді өз өнерлерімен, энергияларымен және керемет көңіл-күймен қуантуға тырысады. Сахнадағы би әуендерінің негізінде нағыз шоу өтеді, оның ритмы бүкіл залды керемет толқынмен толтырады, – деді Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияда.
Аспаптық ұжымдардың жанды сүйемелдеуімен белгілі вокалистер , – баритон Айбар Ашкеев пен Айвар Дүйсекеев және Наурыз Көшен өздерінің жеке қойылымдарымен қуантады.
Облыстық филармонияның кәсіби шығармашылық ұжымдарының концерттері жақындармен, достармен, әріптестермен жоғары өнердің тамашалауға керемет мүмкіндік.
– Әр спектакльдің, әр нөмірдің артында көрермендерге ең жағымды естеліктер қалдыру үшін бәрін жасайтын көптеген адамдардың үлкен еңбегі жатыр, – деп атап өтті филармонияда.
Концент 29 мамыр, сағат 19:00-де өтеді.
Билеттерді филармония кассаларында және Ticketon.kz онлайн қызметінде қол жетімді. Байланыс телефондары: 8 (7182) 22-80-87, +7-775-593-08-97.