Павлодар облысының балуаны Тәжікстаннан қола медальмен оралды

Павлодар облысының балуаны Тәжікстаннан қола медальмен оралды
Фото: @serzhan_imankulov

Ол қырғыз спортшысымен күресіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12-15 қазан аралығында Тәжікстанда белбеу күресі бойынша әлем чемпионаты өтті. Оған 27 елдің спортшысы қатысты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан (13 медаль) екінші орын иеленді.

– Әлемдік бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсеткен Шарбақты ауданының тумасы Алдияр Айтмұханбетов қола жүлдегер атанды, – деді Шарбақты ауданының әкімдігінде. 

Павлодар облысынан жалғыз қатысқан спортшы Алдияр Айтмұханбетов 18-20 жас арасында 82 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты. Ол үшінші орын үшін қырғыз балуанымен күресіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті.