Павлодар облысының бірнеше ауылында жаңа балабақшалар бой көтереді

Павлодар облысының бірнеше ауылында жаңа балабақшалар бой көтереді
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов қала тұрғындарымен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Жиын барысында өңірдегі әлеуметтік инфрақұрылым, әсіресе білім беру нысандарының жетіспеушілігі мәселесі көтерілді.

Кездесуде Теміржолшылар кентінің тұрғындарының атынан сөз сөйлеген азаматша ауылда балабақша тапшылығы бар екенін айтып, осы мәселені шешуге қолдау көрсетуді сұрады. Өз кезегінде аймақ басшысы бұл мәселе бұрыннан белгілі екенін атап өтті. 

– Бірнеше ай бұрын келесі жылдың бюджетін қарастыру кезінде әлеуметтік саланы, соның ішінде білім беру мәселелерін талқыладық. Білім басқармасымен бірлесіп талдау жүргіздік. Павлодар қаласына қарасты ауылдарда бірқатар өзекті проблема бар. Жалпы Атамекен ауылы мен Теміржолшылар кентінің шағын ауданында балабақша құрылысын жүргізуді жоспарлап отырмыз, – деді Асайын Байханов.

Сондай-ақ әкім Кенжекөл ауылының авиақалашық шағын ауданында 150-ден астам бала күн сайын қауіпті республикалық трассадан өтіп, мектепке қатынаған. Осыған байланысты аталған аумақта жаңа мектеп салынған. Ал Атамекен ауылы мен Теміржолшылар кентінде балабақша жетіспеушілігі өзекті мәселе болып отыр.

Өңір басшысы қала әкімі қызметін атқарған кезеңде Теміржолшылар кентінің халқымен кездесіп, 210 орындық мектептің құрылысы жүргізілгенін еске салды. Аталған мектеп 2022 жылы пайдалануға берілген едік. Сонымен қатар 2022-2023 жылдары кентте су құбырлары жаңартылып, жарықтандыру жүргізіліп, жолдар асфальтталған.

Кездесу барысында тұрғындар өзге де әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді көтеріп, оларға жауаптар берілді.