Павлодар облысының дін істері басқармасының басшысы тағайындалды

Осы лауазымға дейін шенеунік Ақсу қаласында статистика бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыс әкімінің өкімімен дін істері басқармасының басшысы болып Нұрлан Байбакиров тағайындалды.
Нұрлан Жұмабекұлы 1979 жылы Май ауданында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін «Тарих мұғалімі» және Инновациялық Еуразия университетін «Мемлекеттік басқару» мамандықтары бойынша аяқтаған.
Еңбек жолын 1995 жылы Май ауданында мұғалім болып бастаған. Әр жылдары Павлодартелерадиода шолушы болып және Павлодар облысының тілдерді дамыту басқармасында жұмыс істеді, облыс әкімінің аппаратында және Ақсу қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқарды, мәдениет, жұмыспен қамту, ішкі саясат және дене шынықтыру бөлімдерін басқарды.
Ақсу қаласының Достық ауылдық округінің әкімі, Ақсу қаласы әкімі аппаратының басшысы және әкім орынбасары болып еңбек етті. 2023 жылы Павлодар облысының дін істері басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.
2024 жылдан бастап осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақсу қаласының статистика бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.