Павлодар облысының ерекше спортшылары елорданы тамсандырды
Спортшыларымыз Астанада әртүрлі дәрежедегі 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Елордада 3-4, 5-6 және 7-8 сыныптардағы мүмкіндігі шектеулі оқушыларға арналған «Тең мүмкіндіктер» спорт фестивалі өтті. Қатысушылар үш топқа бөлініп, бочча, көңілді старттар және жеңіл атлетикадан бақ сынасты. Павлодар облыстық бочча федерациясының президенті және облыстық мәслихаттың төрағасы Илья Теренченко мектеп оқушыларын республикалық турнирге шығарып салды.
«Арнайы қажеттіліктері бар балаларға арналған кез келген іс-шара біздің қауымдастығымызды біріктіреді. Бочча бүгінде жас спортшылар, олардың ата-аналары және жергілікті билік органдарының өкілдері арасындағы көпір қызметін атқарады. Балаларымыз үшін жарқын және кедергісіз болашақ құру үшін бірлесіп жұмыс істеп жатқанымыз қуантады», - деді Илья Теренченко.

Павлодарлық жас спортшылар 5-6-сынып оқушылары арасында «А» санатында жеңіске жетті, сонымен қатар басқа санаттарда жүлделі орындарға ие болды.
Еліміздің 20 аймағынан келген 500-ге жуық мектеп оқушысы байқауға қатысып, жаңа тәжірибелермен, достармен және жаңа сенімділікпен үйлеріне оралды. Фестиваль әрбір бала өз әлеуетін ашып, бірлік пен сенімділік рухын сезіне алатын ерекше алаңға айналды.
Фестиваль «AMANAT» партиясының әйелдер қанатының бастамасымен және ҚР Білім министрлігінің қолдауымен «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылды.