Павлодар облысының ормандары миллиондаған қарағайлармен толықты
Көшеттердің басым бөлігі тамыр тартқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік орман қорында ағаш отырғызу жұмыстары толығымен аяқталды. Биыл Павлодар облысының орман қорғау мекемелерінде 6,8 миллион екі жылдық қарағай көшеті отырғызылды. Жаңа егіс алқабының жалпы көлемі 1,2 мың гектарды құрады.
Облыс әкімдігімен жасасқан меморандум аясында барлық жұмыстың 25 пайызын Еуразиялық топ қаржыландырды. Ормандарды молықтырудың бекітілген кешенді жоспар бойынша отырғызу көлемі толық игерілді.
Жүргізілген түгендеу қорытындысы бойынша көктемгі екпелердің жерсіну пайызы 56,4% құрады, бұл өткен жылдардағы көрсеткіштерден едәуір асып түсті.
Орман күзеті отырғызылған көшеттерді тиісті күтіммен және қорғаумен қамтамасыз етеді.