«Ертіс орманы» резерваты аумағына сұңқылдақ аққулар келіп қонды

Ерекше қорғалатын табиғи аймақта аңшылыққа тыйым салынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сұңқылдақ аққулар — көктемнің жаршысы. Көктеммен бірге резерват аумағына сұңқылдақ аққулар келіп қонды. Ақ қанаттарын жайып, көл бетінде қалықтаған көркем құстар табиғаттың оянуын паш етеді.
– Көктемгі құстардың оралуына бақылау жұмыстарын жалғастырудамыз. Әрбір келіп қонған қанатты қонақ — экожүйенің тепе-теңдігін көрсететін ерекше белгі. Құстар — табиғаттың нәзік әуені. Оларды қорғау — ортақ парызымыз, – дейді «Ертіс орманы» резерваты ғылым, ақпарат және мониторинг бөлімінде.
Барлығы 32 аққу айдынға қонған.
Бөлім мамандарының сөзінше, аққулар әдетте сәуірдің бірінші жартысында келеді. Мемлекеттік инспекторлар аумақты және су айдындарын күзетеді. Құстарды аулау жағдайлары анықталмаған.
Еске сала кетейік, былтыр Павлодар облысында балықшы сұңқылдақ аққуды құтқарып қалды. Железин ауданында 3 желтоқсанда сағат 11:30 шамасында «Қайыңды» орманшылығының 67-кварталында, Башмачное көлінде мұз үстінде балық аулап отырған тұрғынға сұңқылдақ аққу жақындаған. Кеш туып, қанаты қатаймаған балапанға көмек көрсету үшін Павлодар ауылындағы «Байрамов» ЖК «Белсенді демалыс орталығы» хайуанаттар бағына тапсырылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram