Түтін басқан: Павлодарлық экологтар ауаның ластануын тексерді

Түтін басқан: Павлодарлық экологтар ауаның ластануын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желілерде жергілікті тұрғындардан ауадағы түтінге байланысты наразылықтар туа бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазақстан Халықтық партиясы Павлодар облыстық филиалының белсенділері облыстық экология департаменті мен облыстық «Қазгидромет» АҚ мамандарымен бірлесе отырып, «Қазақстан алюминийі» АҚ санитарлық қорғау аймағының шекарасындағы атмосфералық ауаның жай-күйін өлшеді.

Мамандардың айтуынша, ауада түтіннің басып кету құбылысы тыныштық орнаған, яғни жел болмайтын күндерде орын алады. 

– Атмосфераның ауыр болуының бiрнеше себептерi болуы мүмкiн: жергiлiктi кәсiпорындардың пайдаланылған газдарынан бастап жеке үйлердiң плиталарынан түтiн ағындарына дейiн,– деді экологтар. 

Қазақстан Халықтық партиясының санитарлық қорғау аймағының шекарасында өлшеу жүргізу туралы ұсынысына екі ведомствоның мамандары жауап берді. Олар аспаптардың көмегімен ауадағы азот диоксиді, күкірт диоксиді және күкірт сутегінің шекті рұқсат етілген концентрациясын өлшеді. Бағалаудың объективтілігі үшін департамент пен «Қазгидрометтің» ұқсас аппараттары пайдаланылды. Нәтижелер бірдей болды және жоғарыда аталған заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясынан асып кетуі анықталған жоқ.