Павлодар облысының үш қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді
Дәстүрлі жәрмеңке өзге аудандарда да ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы облыстық ауылшаруашылық басқармасы мәлімдеді.
– Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес Павлодар қаласында 25 сәуірде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарлануда, - делінген хабарламада.
Облыс орталығында өтетін жәрмеңкеде Железин, Тереңкөл, Шарбақты, Павлодар аудандарының және Павлодар қаласының тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Сату
Торговая көшесі, 2А құрылысы (Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысы) Жайлау базарында болады.
Айта кетелік, мұндай жәрмеңке сенбі күндері Екібастұз, Ақсу қалалары, сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.