Екібастұз ауылдық аймағында егін жинау жұмыстары қарқынды жүруде

Екібастұз ауылдық аймағында егін жинау жұмыстары қарқынды жүруде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екібастұз қаласының әкімі жұмыс барысымен «Корн агро» шаруа қожалығына барды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Биыл 20 мың гектардан астам жерге егін егілді. Суару алаңы шамамен 2600 га құрады. 8 мың гектардан астам дәнді дақылдар және 10 мың гектардан астам жемшөп дақылдары бар. Картоптың орташа өнімділігі гектардан 450 центнерді құрайды. Қыркүйек айының соңында сәбіз алқаптары жиналады. Өткен жылы 9,6 мың тоннаға, биыл тағы 13 мың тоннаға дейін көкөніс сақтау жобасы іске асырылуда.

Мемлекет тарапынан субсидиялар төлеу арқылы тиісті қолдау көрсетілуде. Бүгінгі таңда барлық негізгі шаруашылықтар бойынша егін жинау жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауы бар, сондықтан мемлекеттік бағдарламалар аясында ортамерзімдік перспективада суармалы егіс алқаптарын 10 мың гектарға дейін жеткізетін жоспарымыз бар. Қазіргі кезде он шақты шаруа қожалығы жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеумен айналысуда, – деді Аян Бейсекин.

Қала әкімі алдағы тұрған тағы бір міндеттің бірі сауда субъектілеріміздің тауар өндірушілермен тікелей байланысын қамтамасыз ету арқылы, дүкендеріміздің сөрелерінде арзандатылған өнім қою екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстар жүргізілуде.