ERG Service қыздары жұмысты да демалуды жақсы біледі

ERG Service қыздары жұмысты да демалуды жақсы біледі

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «ERG Service» ЖШС жұмыскерлері арасында «Между нами, девочками» конкурсы өткізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ханымдар сәйкесінше аттары бар бес командаға бөлінді: «АУПчики» - Басқарма аппараты, «Леди гламур» - Павлодар машина жасау зауыты, «Кружева» - Жөндеу басқармасы, «Праздничный букет» - Техникалық бақылау бөлімі және сынақ лабораториясы, «Супер пчелки» - Құйма-механикалық цех.

Барлық ұжымдар бес конкурста мықты анықтау керек болатын. Командалар өнерін «ERG Service» ЖШС бас директоры Сергей Перепечин бастаған әділ қазылар алқасы бағалады. Сергей Владимирович ханымдарды 8 наурызбен шын жүректен құттықтады.

- Қыздарымыз ең сұлу, ең еңбекқор және ең үздік, - деді Сергей Перепечин. – Өндіріс болғаннан соң біз жақсы жұмыс істеп, дәл солай демала білуіміз керек. Сондықтан 8 наурыз мерекесі қарсаңында қыздардың белсенді демалып, бар өнерін көрсете білуіне қарай осындай конкурс ұйымдастырдық. Оған қоса мейрам алдында барлық әйелдер қауымы сыйақыға ие болса, бүгінгі қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Жарыс алдында қатысушылар әдемі әнмен арнайы жаттығуда қыздырынып, конкурсқа физикалық және моральдік тұрғыдан барынша әзірленді.

Жарыс жолына «АУПчики» бірінші болып араласты. Басқарма аппаратының қыздары сенімді ақтады. «Визитка» конкурсында олар рэп айтып, алаңға доллар шашып таңдай қақтырды. Олардан асып түсуге тырысқан «Праздничный букет» көрерменді күлкіге батырды: ән мен күйдің бел ортасында алаңға шыққан жанкүйер араның қарны үзіліп кетті. 

«Праздничный букет» команда капитаны Марина Балинаның айтуынша, ұжым жарысқа бір аптадай уақыт әзірленді. Жұмыспен дайындықты ұштастырғанның қиындығына қарамастан, қыздар барлығын үлгерді. Үй шаруасын да әйелдер қауымы атқаратынын да ескергенде, қыздардың бұл ісін ерлік деуге болады.

- Керемет конкурс. Командалар кәсіби деңгейде өнер танытуда дегім келеді. Біз ең үздік команданы анықтау үшін бірақ бас қатыратын түріміз бар, - деді жюри мүшесі, «ERG Service» ЖШС ПМЗ құйма-механикалық цех бастығы Виктор Теплов. 

Әрі қарай «Богиня» конкурсының кезегі келді. Қатысушылар қуыршақты дұрыс киіндіріп, қалған киімдерді жіпке іліп, жеміс пен көкөністі бөліп тастауға міндеттелді. Бұл әрекеттерді ең қысқа уақыт ішінде орындағандар жеңімпаз атанды. Осы жарыста тамаша өнерімен әрі жарқын киімдерімен ерекшеленген «Супер пчелки» көзге түсті.

«Аралардың» бірі – құйма-механикалық цех жинақтаушысы Алла Аллаярова мұндай жарысқа бірінші рет қатысып жатқанын айтты. Және де дебют жақсы шықты деуге толық негіз бар.

- Жарысқа бірнеше күн бойы, тіпті демалыс күндері де дайындалдық. Шеберіміз көмектесіп, жалпы жақсы дайындалдық деп ойлаймын. Экипировканы да өзіміз таптық: түрлі-түсті ара секілді көрініп, жұрттың есінде қалуға тырыстық, - дейді Алла Аллаярова.

«ERG Service» ЖШС техникалық директорының сөзіне қарағанда, мұндай іс-шара компанияда жиі ұйымдастырылады. Еуразиялық Топ ұжымдағы ынтымақты нығайтатын корпоративтік іс-шараларға, жалпы салауатты өмір салтын насихаттауға зор көңіл аударады. 

Барлық командалар жоғары физикалық әлеует, ептілік пен жайдары көңіл-күй таныта білді. Ханымдар «Пылесос» байқауында үйді қалай таза ұстау керектігін, қиялындағы ер азаматты таңдап, «Ковер» конкурсында мызғымас бірліктің үздік үлгілерін көрсетті. 

Жарыс қорытындылары бойынша ең жоғары балл жинаған «АУПчики» болды. «Супер пчелки» олардан сәл артта қалды. Әрі қарай «Кружева» мен  «Праздничный букет» орналасты. Бесінші орын алса да, соңғы болмаған «Леди гламур» жұрттың есінде қалды. Үздік үштік ақшалай сыйлыққа ие болса, қалғандарына – бағалы корпоративтік сыйлықтар табысталды. Бастысы қатысушылар да, олардың жанкүйерлері де көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.