Павлодар облысының әкімі теледидардан тұрғындар алдында есеп береді
Трансляция тікелей эфирде болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Асайын Байханов 31 қаңтар күні облыстық «Ертіс» телеарнасы мен «Halyk» радиосының тікелей эфирінде сөз сөйлейді.
– Өңірді дамытудың негізгі бағыттары мен осы жылға арналған перспективалық жобалар бойынша тұрғындар алдында есеп беремін, – деді аппараттық жиналыста өңір басшысы.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың соңында Асайын Байханов облыс тұрғындарына атқарылған жұмыстар туралы есеп берген болатын. Ол облыс орталығын абаттандыру, Естай атындағы мәдениет сарайын жөндеу, спорттық инфрақұрылымды, туризмді дамыту, газдандыру нұсқалары және су қоймасын салу жобалары туралы айтып берді.