Павлодар облысының әкімі тұрғындармен бірге ән шырқады
Павлодарлықтар көпке танымал «Анашым» әнін Ертіс жағасында орындады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ерекше бастаманы облыс орталығындағы «Жанр» шығармашылық орталығы ұйымдастырды.
«Шет жүрсем сағынарым,
Жабықсам шағынарым
Анашым, бір өзіңсің
табынарым...» деп басталатын тамаша туындыны білмейтін адам кемде-кем. Кезінде Нұрлан Өнербаевтың орындауында құлағымызға құйылып, жүрек төрінде қалықтаған бұл ән - анасын сүйетін әр адамның әнұраны десек қателеспейміз.
Бүгін Ертіс жағасында тамаша туынды тағы бір қанат қақты. Оны павлодарлықтар өздері орындады. Жасы мен жасамысы жатқа шырқаған «Анашым» әнін облыс әкімі Асайын Байханов та орындап, жерлестерін таң қалдырды.
Ұйымдастырушылар бастамаға қолдау білдірген аймақ басшысына алғысын айтып, аруларды мерекесімен құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram