Павлодар облыстық басқармалардың бірінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі
2023 жылғы 3 сәуірден 15 мамырға дейін облыстың ақпарат және қоғамдық даму басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау бірлескен шешіммен құрылған жұмыс тобы 30 жұмыс күнінен аспайтын кезеңде жүргізіледі. Уәкілетті орган сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау ақпаратты жинау, қорыту, талдау кезеңдерін және талдау анықтамасын жасауды қамтиды.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектілерінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері бойынша шығарылған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдарды орындау мониторингі жүргізіледі.