Павлодар облыстық мәслихатына бір мандаттық орынға қанша адам үміткер

Павлодар облыстық мәслихатына бір мандаттық орынға қанша адам үміткер

Бір мандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша облыстық мәслихат депутаттығына барлығы 71 адам кандидат атанды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, 51 кандидат өзін-өзі ұсынған. 

71 кандидаттың арасында ең үлкені - 61 жаста. Ең кішісі - 25 жаста. 

Облыстық мәслихат барлығы 32 депутаттан тұрады. 

Оның ішінде 16 депутат партиялық тізім арқылы сайланса, 16 депутат бірмандатты орынға аумақтық округтер арқылы сайланады. 

Айта кетейік, сайлау 2023 жылғы 19 наурызда өтеді.

Фото: ашық дереккөздерден