Павлодар станциясында пойыз сиырды қағып кетті
Қараусыз жайылған малдың иесі анықталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар станциясындағы полицияның желілік бөлімінің хабарлауынша, желілік полиция бөлімінің қызмет көрсетілетін учаскесінде жүк пойызы ірі қара малдың темір жолда жайылып жүруіне байланысты шұғыл тежеу жасады.
– Дегенмен, соққының алдын алу мүмкін болмады. Бір сиырды қағып кетті. Полиция қызметкерлері иесіз малдың иесін анықтады, – дейді бөлімде.
Иесіне қатысты темір жол маңында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 559-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік материал толтырылып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.