Павлодар трамвайлары қысқы жұмыс кестесіне ауысады

Павлодар трамвайлары қысқы жұмыс кестесіне ауысады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Саяжай маусымының аяқталуына байланысты жаңа кесте құрылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Павлодар қалалық трамвай басқармасының мәліметінше, 15 қазаннан бастап трамвайлардың қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізіледі.

Осы кезеңде №7 және №6 бағыттарға үш вагон қосылып, күшейтілген режимде жүреді. Сонымен қатар, №3 маршрут бойынша екі вагон, №4 маршрут бойынша бір вагон қосылады.