Биыл Павлодар мектептерінде турникеттер қосылмай қалуы мүмкін

Биыл Павлодар мектептерінде турникеттер қосылмай қалуы мүмкін
Фото: Константин Шелков

Оларды кез келген уақытта қоса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Баширова мәлім етті.

– Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығына сәйкес турникеттер үшінші категорияға жататын білім беру ұйымдарында орнатылуы тиіс. Яғни оған барлық қалалық мектептер жатады. Бүгінде 121 мектепте турникеттер орнатылған. Алайда қауіпсіздікті бақылау жүйесін іске қосудағы бірқатар сұрақтар туындап жатыр. Ол көбінесе ата-аналар тарапынан келіп жатыр, – деді Гүлмира Баширова.

Оның айтуынша, турникеттерді кез келген уақытта іске қосуға болады. Алайда ата-аналар тарапынан келіп жатқан наразылықтың салдарынан бұл мәселе әлі де шешімін табуда. 

Бұдан бөлек, қаланың барлық мектептерінде 19 мың бақылау камерасы орнатылған. Оның жарамдылығын келісімшарт жасасқан мердігер ұйымы қадағалайтын болады.