Павлодар трамвайлары қысқы жұмыс кестесіне ауысады

Павлодар трамвайлары қысқы жұмыс кестесіне ауысады
Фото: Константин Шелков

Екі бағыттағы маршрут күшейтілген режимде қатынайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қалалық трамвай басқармасының мәлімдеуінше, трамвайлар қысқы маусымдағы жұмыс кестесіне  16 қазаннан бастап ауысады.

- Осы кезеңде №7 және №6 бағыттар күшейтілген режимде жүреді. Сонымен қатар, басшылықтың шешімі бойынша №3 бағыт бойынша екі вагон қысқы кестеде жұмыс істейді. Олар сағатына 1 рет жүреді, - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, 2 сағатта бір рет №4 бағыттағы трамвай жүретінін еске саламыз.