Павлодар қаласының мемлекеттік мекемесіне айыппұл салынды
Қалалық ТҮКШ және АЖ бөліміне қатысты әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімініе ақпарат ұсыну туралы сауал жолдады.
– Департаменттің сауалына ақпаратты уақтылы ұсынбау фактісі бойынша ТҮКШ бөліміне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 162-бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды,– делінген хабарламада.
ТҮКШ бөлімінің құқық бұзушылық жасау фактісін мойындауына байланысты ҚР ӘҚБтК 811-бабы шеңберінде қысқартылған әкімшілік іс жүргізу тәртібі қолданылды.
Айыппұл 50% көлемінде төленіп, сомасы– 172,5 мың теңгені құрады.