Павлодардық автосалонда тұтынушының құқығы бұзылған

Облыстық сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушыдан өтініш келіп түскен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Өтініште автосалондарының бірінде оның тұтынушы ретіндегі құқықтары бұзылғанын хабарлады. Өтініштің мазмұнына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында тұтынушы автокөлікті несиеге сатып алған. Шарт жасасу кезінде оған кредиттің жалпы сомасына енгізілген 250 000 теңгеге сақтандыру түріндегі қосымша қызмет жүктелді.
Сақтандыру шарттарына сәйкес тұтынушы жұмысынан айырылған кезде (жұмыстан қысқартылған немесе жұмыстан босатылған) автосалоннан несие бойынша екі төлем алады. Тиісінше, «несиелік демалысты» алу үшін тиісті құжаттарды (жұмыстан босату туралы бұйрық) ұсыну қажет болды.
– Алайда, автосалонда тұтынушыға «несиелік демалыстарды» сіз қалаған кезде немесе несиені төлей алмаған кезде пайдалануға болатындығын түсіндірді. Сонымен қатар, егер клиент бірінші жылы екі төлемді пайдаланбаған болса, онда олар келесі жылға ауыстырылмайды, – деді департаментте.
2025 жылдың сәуірінде автосалонға «несиелік демалысты» алу үшін жүгінген кезде тұтынушыдан растайтын құжаттар талап етілді.
Бұрын төленген қаражатты пайдалану тұтынушы жұмыстан шығарылған жағдайда ғана мүмкін болатын жағдай тұтынушының ерекше алаңдаушылығын тудырды. Өтініш берушінің пікірінше, мұндай талап тек қарама-қайшы емес, сонымен қатар заңнамаға қайшы келеді.
Бұл жағдайда Департамент «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 8-1-бабына сәйкес азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін шарттарды шартқа енгізуге тікелей тыйым салатынын түсіндіреді. Рұқсат етілмеген ережелер арасында қосымша ақылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)таңу, көрсетілмеген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшін қаражатты ұстап қалу, шартты бұзу кезінде тұтынушының құқықтарын шектеу, сатушының щарт талаптарын біржақты өзгертуі және қолма-қол ақшамен және басқалармен салыстырғанда карточкамен төлеу кезінде бағаның артуы жатады.
– Біздің мамандар тұтынушыға автосалонның бұл әрекеттері тұтынушылардың құқықтарын бұзатынын түсіндіріп, тұтынушыға сотқа дейінгі шағым жасауға көмек көрсетті, ол өз кезегінде автосалонға жүгінді. Осыдан кейін автосалон тұтынушыға 250 000 теңге көлемінде ақша қаражатын қайтару туралы шешім қабылдады, – деді департаментте.
Мамандар тауарларды сатып алу кезінде мұқият болуды ұсынады. Сондай-ақ, егер тұтынушы осындай жағдайға тап болса, өз құқықтарын қалпына келтіру үшін Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгіне алады.