Павлодар әкімі балалар лагерінің дайындығын тексерді

Павлодар әкімі балалар лагерінің дайындығын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бүгінгі таңда оқу-сауықтыру орталығына 200-ге жуық өтінім келіп түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала басшысы өзінің  «Instagram» парақшасында мәлімдегендей, жазғы демалысты ұйымдастыру мәселелері талқыланған аппараттық кеңесте облыс әкімінің берген тапсырмасы бойынша қала маңындағы Мичурин ауылында орналасқан «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының жазға дайындығын тексерді.

3 маусым күні бұл жазғы лагерь павлодарлық оқушылардың алғашқы легін қабылдайды. Бүгінгі таңда 186 өтінім келіп түсті. «Балдәуренде» балалар толыққанды демалып қана қоймай, денсаулығын нығайта алады. Орталықтың медициналық ғимаратында тұз шахтасы, кварц бөлмесі және оттегі коктейльдері бар бөлме жабдықталған. Жазғы лагерьде кейбір пәндер бойынша сабақтар да өтеді. Балалар үшін акт залы, кітапхана және асхана жұмыс істейді, – деді Хасар Хабылбеков.

Орталық басшылығы электрмен, жылумен жабдықтау сияқты бірнеше проблемаларымен бөлісті. Онымен қоса, терезелерді ауыстыру қажеттілігі айтылды. Осы мәселелерді шешу үшін Павлодар әкімі сметалық құжаттаманы әзірлеуге бұйрық берді. 

Сондай-ақ, лагерь аумағын жаңа стрит-воркаут алаңдарымен және шағын футбол алаңымен жабдықтау жоспарлануда.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)