Павлодар облысында дауылды желдің салдары толығымен жойылды
117 ауылға жарық берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2023 жылғы 10 қаңтардан 11 қаңтарға қараған түні қолайсыз ауа райына байланысты өңірдің 117 ауылдық мекенінде электр қуатының өшірілуі тіркелген болатын.
Сағат 21:05-тегі жағдай бойынша жөңдеу-қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.
Естеріңізге сала кетейік, оқиға орындарында 65 бригада күшейтілген режимде жұмыс істеді.